Тіл – достық көпірі
Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясында «Тіл - достық көпірі» тақырыбында тілдер онкүндігі өтті. Іс – шаралар жоспары құрылып, жауапты мұғалімдер бекітілді. Мектеп бойынша қабырға газеті шығарылды.
5-7 сыныптар арасында «Любим, ценим русский язык» тақырыбында С.А. Кошенованың
ұйымдастыруымен топтық сайыс өтті. Бұл сайысқа 40 оқушы тартылды. 7 «а», «ә»,«б» сынып- тары арасында «Эрудит» білім сайысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Т. Қуандық ұйымдастыруымен болды. Сайысқа 60 оқушы қатысты. 5-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.М. Сапарбекованың ұйымдастыруымен «Жүрегім жыр деп толғайды» тақырыбында жыр мүшәйрасы өтті. Бұл іс шараға 80 оқушы қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Т. Қалмағанбетованың ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел –мәңгілік тіл» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Іс-шараға 30 бала қатысты.
Ағылшын тілінен «Полиглот» турнирі өткізілді. Бұл турнирге 9-11 сыныптар арасындағы 50 оқушы қатысты. «Мәңгілік елдің бақытты ұрпағымыз» тақырыбында тілдер онкүндігінің
жабылу салтанаты өтті. Бұл іс-шараға 500 оқушы қатысты.