«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа мазмұндағы білім беру – бүгінгі заман талабы

09.09.2017

               Жаңа мазмұндағы білім беру – бүгінгі заман талабы

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі - жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», - деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

      Осы орайда 08.09.2017 күні №9 мектеп-гимназиясында 2017-2018 оқу жылында 1-11 сыныптардың 5 күндік оқу аптасына көшу туралы  ата - аналар  жиналысы өтті. Жиналысқа 1-11-сынып оқушыларының ата-аналар қатысты. Жиналысты мектеп директоры Кушекова Бибігүл Қуанышқызы  биылғы білім жүйесіндегі өзгерістермен таныстырды.

       Мектеп психологы А.Бекебаева ата-аналардың қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді арттыруда психологиялық қолдау туралы айтып өтті.            

      Директордың оқу жөніндегі орынбасары А.Абдрахманова ата-аналарға 2017-2018 оқу жылында 5 күндік оқу аптасына көшудің басты мақсаты және тиімділігі жайлы ақпарат берді.Ата-аналар өз тарапынан сұрақтар қоя отырып өз көзқарастарын білдірді.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст