«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

07.08.2017

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық  – ұстаздық мамандық. Себебі, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға кеп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», - десе, Абылай хан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды, Жамбыл

Сүйінбайды ұстазым деп шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше ұстаз деген, мұғалім деген мамандық нағыз құрметке ие мамандық деп есептеймін. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде.  Бұл мұғалімге өз ісіне  үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп,

өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.

Мұғалім еңбегі шәкірттерінің білім деңгейі, оқушыларының шығармашылығымен ғана емес, өздерінің жетістіктерімен, балаға деген құрметі, ата-анамен байланысы, жан-жақты жұмыс

жүйесі арқылы да бағаланып отырады. Мұғалім – болашақтың білім нәрін себушісі.   Мен

өзім жұмыс істейтін Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясында шығармашылық ұстаздар жұмыс жасайды десем қателеспеген болар едім.  Бүгінгі қоғамда мұғалім беделін көтеру басты мақсаттардың бірі болып отыр.    Осыған сәйкесті биылғы 2016-2017 оқу жылында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» бағдарламасы мен «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда ел өмірінің білім беру сияқты маңызды саласында ерекше көзге түскен жалпы ұстаздар қауымын көтермелеу мақсатында қоғамдық марапаттар мен атақтар  жөніндегі Республикалық кеңес  қоғамдық негіздегі «Қазақстанның үздік педагогы» құрметті атағына білім саласы қызметкерлерінің кандидатураларын ұсыну басталғанын хабарлады. Мектеп-гимназия ұжымының шешімімен осы атаққа лайықты деген ұстаздардың шығармашылық есебі, өмірбаяны, білім мекемесінің

басшысы растаған марапат парағы Марапаттау Алқасына ұсынылған болатын.  Марапаттау Алқасының шешімі бойынша мектебіміздің директоры, жоғары санатты, педагогика-психология ғылымдарының магистрі, докторант – Бибигүл Қуанышқызы Кушекова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты, І озық деңгейлі қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі – Айман Жүгеріқызы Абдрахманова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бірінші санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Баян Ақатайқызы Бекетай, жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі – Айман Амантайқызы Абдрахманова, бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі – Салтанат Әмірханқызы Оспановалардың соңғы үш жылдағы атқарған жұмыстарының нәтижесі жоғары бағаланып, «Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталды.

Алматы қаласы марапаттар мен атақтар республикалық қоғамының арнайы өкілі Тоқанов Абзал Алпысбайұлы келіп, Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының соңғы қоңырау рәсіміне қатысып, мұғалімдерді салтанатты түрде марапаттады.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Өз мектебімде жұмыс жасап жатқан барша ұстаздар «нағыз Ұстаз» деген алтын әріппен жазылатын құрметті атаққа ие жандар.Осындай ұжымымның барына қуанамын.

Мұғалімдер қоғам, қоғамдастықтар, ата-аналар мен оқушылар алдында олардың мектебі беретін білім сапасына ұжым болып жауап береді. Мен өзім жұмыс істеп жүрген мектебімді

– өз үйімдей, өзім сабақ беретін оқушыларымды – балаларымдай, бірге қызметтес

болып жүрген ұстаздарды өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айтқаным

емес. Егер мамандық қайта таңдау қажет болса, мен осы ұстаздық мамандықты ойланбастан тағы да таңдар едім.

Просмотров: 1270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст