«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз

05.05.2017

Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз

Жаңа мектеп мұғалімі болар ұлмын.

Жаһандану заманында тұрмын.

Мәңгілік ел ұрпағына нәр берер,

Ұстаз болу үшін ғана тудым, деп жырлаған жас мамандар әрбір мектептің сәулесі емес пе?! Бүгінгі күннің мектебі жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасайтын педагогикалық шеберханаға айналды. Сол білім шеберханасында  оқушыны жетістікке жеткеніне өзі де қуана алатын  және жетістікке, таным қуанышына жол ашатын ұстаз. Ұстаздар – ең тұрақты, төзімді, шынайы, жауапкершілігі мол, ең мейірімді, ең қызықты және жарқын адамдар болып табылады. Өйткені бұл – ерекше ұлағат иесі, таным-түсінігі кең, тағылымы терең, кеңпейіл жандар. Ұстаздық мамандығын жаңа ғана меңгеріп, алғаш оқушы алдына шығып, мамандықтың қыры мен сырына үңіліп жатқан жас мамандарымыз бүгінгі күні бізді қуантуда. Сәуір айының 17-29 күндері «Балдәурен» РОСО-да  «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» ІІІ республикалық жас мамандар сайысы өткізілді. Осы сайысқа №9 мектеп-гимназиясынан жас мамандар: Бекшораев Бағдәулет Бегалыұлы, Жолтабарова Әсел Дәулетханқызы қатысып, өз білімдерін сынады. Сайыс ережесіне сәйкес таныс емес сыныпта сабақ беріп, сахна төрінде өзін өзі таныстырды. Екі жас маманымызда өте білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз жандар. Сабақ беру барысында математика пәні мұғалімі Бекшораев Бағдәулет Бегалыұлы геометрия сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы сабағын жоғары деңгейде өткізе білді. Жолтабарова Әсел Дәулетханқызы ағылшын тілін ойын технологиясы элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. Сайыс қорытындысы бойынша Бекшораев Бағдәулет Бегалыұлы мен Жолтабарова Әсел Дәулетханқызы ұйымдастырушылар алқасының арнайы мадақтамасымен марапатталды, «Балдәурен» РОСО-на демалуға жолдама қоса табыс етілді. Республикалық деңгейде өз білімдерін көрсете білген қос бірдей жас маманымызға алғыс білдіреміз. Мәңгілік елдің ұлағатты ұрпағын тәрбиелейтін ардақты ұстаз бола берсін. Алда әлі талай сайыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінеді деген ниеттеміз. Еңбектерің жана берсін жаңа мектептің жаңашыл ұстаздары.

Просмотров: 621


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст