Компьютерлік ойындардың бала психологиясына
кері әсері қандай?
Бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізуге Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында республикалық ақпараттық науқан жүріп жатыр. Науқан аясында мектеп оқушыларына, ата-аналарға өміріміздің бір бөлшегіне айналған компьютерлік ойындардың зияны туралы ақпаратты жеткізгім келеді.
Компьютерлік ойындардың зияны қандай? Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді. Алайда, бұған мән беріп жатқан ата-ана жоқ. Керісінше күн өткен сайын балалардың аталған ойындарға деген тәуелділігі көбейіп барады.
Мәселен, дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, теледидар мен компьютерлік ойындардың бала санасына тигізетін зияны шаш-етектен. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының
өзгеруіне әсер етеді екен. Ойын баланың мінезін өзгертеді.
Компьютерлік ойындардың негізгі түрі – атыс - шабыс, төбелес. Бұл алдымен баланың мінез-құлқына әсер етеді. Өйткені ойынның бас кейіпкері болған бала үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде жеңеді, кейде жеңіледі. Ал ұтылған сайын оның ойынға деген құмарлығы арта түседі. Өзі сол
әлемнің батыры болуға ұмтылады. Сырттағы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс алаңында немесе сатырлаған төбелестің ортасында, әйтеуір, жарыс алаңында жүреді. Мұндай кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Тіпті осындай кезде айналасындағы адамдардың сөзін тыңдамай, ренжісіп қалуы мүмкін. Екіншіден, компьютерлік ойындардың көпшілігі атыс-шабысқа негізделгендіктен, мұндай ойынға әуес балалардың бойында
мейірімділік, ізгілік қасиеттері азаяды .
Жалпы, балалардың компьютерлік ойындарға қызығушылығы 3-4 жасынан басталады. Бірақ мұндай кезде баланы компьютерге жақындатуға мүлде болмайды. Бала 7 жастан асқаннан кейін ғана аптасына бір рет және аз уақыт компьютерге үйреткеніңіз жөн. Ал бесінші сыныптан
кейін оқушының бұндай ойындарға қызығушылығы қатты байқалады. Әсіресе, осы уақытта жуас, өз ортасынан бөлек жүретін балалар компьютерлік ойындардың тұтқынына айналуы мүмкін. Олар достарымен жақын араласпағандықтан бар уақытын компьютер алдында өткізеді. Мұндай кезде оны ойыннан алыстату өте қиын. Тіпті ол ата-анасына қарсы келіп, жанжалдасуы мүмкін. Ұзақ уақыт компьютермен жұмыс істегендіктен, оның адамдармен қарым-қатынасы қиындай түседі. Мінез-құлқы өзгеріп, тез ашуланады. Көпшілікпен тіл табыса алмайды. Компьютерді қосқанша байыз таппай, ал оның алдында отырғанда уақыттың қалай өтіп кеткенін білмейді.
Ойнау мүмкіндігі болмаған кезде өзін жайсыз сезініп, ашуланып, мазасызданады. Сондықтан ата-ана баланы компьютердің алдына белгілі бір уақытта ғана отырғызғаны жөн. Шектен тыс құмарлық баланы компьютерге тәуелділікке әкеліп соқтырады. Оны өзге әлем қызықтырмайтын халге жеткізеді , яғни суицидке апарып соқтырады.
Өз өмірің өз қолыңда жас ұрпақ. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді мәнді сүр.