Шынайы өмір сүр
Күнделікті күйбең тіршіліктен кейде тіпті ойлануға уақыт болмай жатады. Иә, кейде тым ұзақ уақыттың неге бізге жетпей жатқанында түсінбей жатамыз. Бірақ бұның себебін өзімізден іздеп, жан-жағымызға үңіліп қарамаймыз да. Шын мәнінде бәріне уақыт тым ақ жеткілікті
тек соны пайдаланбаймыз. Мысалы сіз үйде шай ішіп отырып немесе жай демалып отырған да не істейсіз. Әрине ең бірінші өзіңіздің айрылмас бөлігіңіз дей болып кеткен ұялы телефоныңызды іздейсіз, бұл бүгінде білім мен ғылым дамыған заманда қарапайым жағдай. Алайда осы жағдайдың өзіңіздің балаларыңызға әсер ететінін тіпті ойланбайсыз. «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деген дана халқым, бала өз ата-анасының айнасы. Дәл бүгінгі күнде бала еңбектегеннен бастап смартфонды қолдануды жақсы біледі. Кейде үлкендер бұған мән бермей «іштен біліп туған ба?» деп әзілге де айналдырып жатады. Бірақ сол жас
бүлдіршіннің болашағы не болар деп көп ешкім толғанбайды да. Интернет желісі арқылы қаншама балалар өз өміріне өздері балта шабу үстінде. Буған қысқаша ғана мысал күлі елді шулатып, ата-ана жүрегіне үрей салған «сини кит» ойыны. Жүректері қансырап, үміт күткен үкілі баласынан айрылған ата-ананың көз жасы. Бұл айтып келмес ғасыр індеті. Бұдан тыс интернет желісіндегі түрлі ұйымдар мен бала түгілі ересек адамды баурап алатын жарнамалар. Түрлі түске боялған адам санасын еріксіз баурап алатын ойындар. Бұлардың барлығыда ең бірінші бала психикасына әсер етеді. Одан өзге жеткіншектердің көздері мен омыртқа ауырулары сынды бұрында болмаған түрлі ауырулар түрі пайда болады. Бір қарағанда бәрі
жақсы көрінгенмен жастайынан тым ашушаң болған бала, ата-анасын өзіне бөтен санап, көгілдір экран ішіндегі виртуал өмірді өзіне жақын тартқан жас өспірім. Бұлардың бәрі бүгінгі
біздің қоғамымыздың айқын бейнесі, келешектің тамыры болмақ. Ежелден біз батырда, батыл елдің ұрпағымыз. Алпамыстай ұл туған, Зере анамыздай қыз өскен елдің келешегіміз. Мәңгілік елге қадам бас у үшін ең бірінші мықты саясат емес, білімді де дені сау ұрпақ болмақ. Менің өзім қатарлы және менен кіші достарыма айтқым келгені бүгініңді ойла, ертеніңе жаңаша көзбен қара. Шынай өмір сүр.