«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің құрбымның жеңісі

14.04.2017

Менің құрбымның жеңісі

       «Өнерлі өрге жүзеді» - деген сөз менің сыныптас құрбым Ақмарал жайлы айтылғандай. Бақытбек Ақмарал -  ақылды, еңбекқор жан. Екеуіміз 2 жылдан бері бірге оқимыз. Осы аз уақыт ішінде Ақмаралдың көптеген жеңістерінің куәсі болдым. Алдына қойған мақсатына жету үшін көп еңбектенеді. Соның куәсі биылғы оқу жылында «Үздік оқушы» сайысының І орын жүлдегері, «Жарқын болашақ» пән олимпиадасының «Сөз шебері» номинациясының І орын иегері атануы т.б.       

Міне, тағы бір жеңіс. Алматы қаласында 8-9 сәуір күндері өткен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы даланың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы оқулары»  І Республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауына қатысып жүлделі оралды. Бұл сайысқа Қазақстанның бар өңірінен 200-ден астам сайыскерлер қатысқан болатын. Көркем сөз оқу сайысында Ахмет Байтұрсыновтың «Аңдарға келген індет» атты шығармасын мәнерлеп оқумен қатар орындаушылық актерлік шеберлігін, тіл тазалығы және өзін сахынада ұстау мәдениетін жоғары деңгейде көрсетуінің арқасында «Көркем сөз» бөлімі бойынша Дипломант атанды. Осындай биік шыңдардан көрінуі үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуаныш Рақымқызы көп еңбек етті. «Бұлақ көрсең, көзін аш»,-дегендей Ақмаралды орта буыннан бері сөз шеберлігіне баулып, дарынын ашып, шыңдап келеді. Бұл жеңіс ұстазының да жеңісі деп ойлаймын, өйткені Ақмарал үмітін ақтады. Мен құрбыма алар белестері көп болуын тілеймін. Жарайсың, Ақмарал!

Просмотров: 826


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст