«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз - думан

31.03.2017

Наурыз - думан

Келді Наурыз – жыл басы! 

Ерітіп қарын даланың, 

Жинатып гүлін саланың. 

Жетелеп жұмсақ самалын, 

Келді Наурыз – жыл басы!. 

Күлімдеп қарап күміс күн, 

Аспаның бүркіп пүліш түн. 

Ұлы күні Ұлыстың, 

Келді Наурыз – жыл басы! 

       Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Бұл мереке халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері, жоралғылары жарқырайтын күні.

      Щучинск қаласы № 9 мектеп-гимназиясында наурыз тойы  биылғы жылы ерекше тойланып өтті. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне салт-дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, рухани-мәдени және адамгершілік қасиеттерін өскелең ұрпаққа насихаттау

мақсатында  мерекеге арналған мектептің дәстүрлі «Наурыз – думан» ойын-сауық бағдарламасы /авторы – Б.Бекетай/  ұйымдастырылды. Арнайы тағайындалған сарапшылар - Бағдарлама негізінде 1-10 сынып оқушылары «Зияткерлік», «Шығармашылық» және «Спорттық» кезеңдер 

бойынша сайысқа түсті.

          «Зияткерлік» кезеңінде ұлттық салт-дәстүрлерді оқушы бойына сіңіру мақсатындағы түрлі тапсырмалар берілді, оқушылар берілген тапсырмаларды толық орындап, жақсы көрсеткіштер көрсетіп, келесі кезеңге өтті.

«Шығармашылық» кезеңінде әр сынып қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрінен көрініс көрсетті. Атап айтсақ «Бесікке салу», «Қыз айттыру», «Құда күту», «Неке қию» т.б. Екінші кезеңнен сүрінбей өткен оқушылар үшінші қорытынды кезеңге иек артты.

«Спорттық» кезең бойынша “Арқан тарту”, “Асық”, “Қол күрес”, Кір тасын көтеру бойынша

оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Спорттық сайыста мектеп бойынша 16 кг кір тасын көтерген оқушылардың арасынан 10 «А» сынып оқушысы Мұқатов Мадияр мектеп рекордын жаңартып, «Кір тасын» 80 рет көтерді.

Сонымен қатар мектеп оқушылары сынып кабинеттерін ұлттық нақышта безендіру, ұлттық киім,  үздік дастархан мәзірі аталымдары бойынша өзара бәсекеге түсті. Іс-шара соңында «Үздік дастархан мәзірі», «Ең сәнді ұлттық киім үлгісі», «Үздік безендіру» номинациялары, шығармашылық және зияткерлік, спорттық сайыстарда орын алған сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл  күн әр баланың есінде  сақталатындай көңілді өтті.

     Заман өзгерсе де, ұлттық салт-дәстүріміздің ескірмейтінін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғыртатын осындай  әдет-ғұрыптарды дәріптейтін іс шаралар  ұрпағымыздың бойына рухани байлығымызды дарытатынына кәміл сенеміз.

Дастарханы халқымның тола берсін,

Бақыт құсы қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі – наурыз тойы,
Жылдан жылға құт тойы бола берсін!- деп барша адамзат баласын келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Просмотров: 672


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст