«Өзін-өзі тану» пәнінен «Шығармашылық пен сүйіспеншілік» тақырыбында өтіп жатқан онкүндік аясында 4 «Ә» - сыныбында «Менің сыныбым - менің ұжымым» тақырыбында өзін-өзі тану бойынша сабақ өтті.
4"Ә" сыныбында өткізілген өзін-өзі тану сабағының негізгі мақсаты оқушылардың сүйіспеншілік құндылығын арттыру. Достық адам өміріндегі маңыздылығын, өзара сыйластық сезімдерін тарату, қамқор бола білуге тәрбиелеу болды. Осы сабағымның тақырыбы маған өте ұнады және де сабағымда әдістемелік тәсілдердің бәрін қамтыдым деп ойлаймын. Оқушыларымда сабаққа белсене қатыса білді. Сабағымның бастауы тыныштық сәтінен басталды. Мен осы сыныпқа екінші берген сабағым болса да оқушылардың белсенділігімен сабағымның мақсатына жете білдім деп ойлаймын. Бейне роликтен М.Мақатаевтың «Дос
туралы» өлеңін тыңдай отырып, топтық жұмыс жасау барысында оқушылардың бұл
жерде достық, татулық қасиеттері көрінді, бір – бірін тыңдай білулері, бір – бірінің ой - пікірлерін толықтыра алатындарын байқадым. Жағдаяттарды талдау арқылы, шығу жолдарын айтып берді. Ән айтып жадыраған кезде әр баланың санасына менің бір аз болса да әсерім бе, жылулығым ба, тарағандай сезімде болдым. Оқушыларыма дос жайлы біраз кеңестер де, ақылдар да айта кеттім. Адал достықты аялай білуге шақырдым.
Сабақ барысында бақылағаным оқушыларымның өз достарына адал, әділ, қиын кезде қол ұштарын созатына, өмірде бірлікте болатындарына күмәнім Балдырған бүлдіршіндеріме тек ақ жол тілеп, достықта берік болуды тілеймін.