«Өзін-өзі тану» пәнінен «Шығармашылық пен сүйіспеншілік» тақырыбында өтіп жатқан онкүндік аясында 4 «Ә» - сыныбында «Еңбекқорлық пен еріншектік» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының негізгі мақсаты: оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, еңбекке деген қызығушылығын арттыру.
Сынып сағатының өн бойында оқушыларға адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық
– еріншектік, іске мойны жар бермейтіні, осыған байланысты Абай атамыз 38 – қарасөзінде
«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық – деген. Адам үшін ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш – қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек екенін ұғындырдым. Оқушылар сынып сағатынан көптеген адамгершілік, адами қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбекқорлық қасиеттерін сіңірді деп білемін.