«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03.2018

   «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген қанатты сөз халық арасында жай айтылмаса керек. Қазір білімділер мен біліктілердің заманы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашақтың кілті – жастарда» деген ұлағатты сөзі бар. Жас өрендерді заман талабына сай тәрбиелеуде ұстаздың ролі ерекше.  «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұранды ту етіп, мектебіміздің ұстаздары аянбай еңбек етуде. Соның бір айғағы - жақында №9 мектеп-гимназиясынан үш бірдей оқушысы, Алматы  қаласында өткен Ү Республикалық «Атадан мұра» байқауына директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Бекетай Баян Ахатайқызының  жетекшілігімен  қатысып, үшеуі де Бас жүлде иеленіп қайтты. Атап айтқанда,  4 – сынып оқушысы Сейтімхан Кәусар  көркемсөз  оқу шеберлері бағыты бойынша Маралтай Ыбыраевтың «Астана» өлеңімен, (жетекшісі: Оспанова Салтанат Әмірханқызы)  жоғары сыныптар арасында көркемсөз оқу шеберлері бағыты бойынша 8 «ә» сынып оқушысы  Қыдырбай Кәмшат Ә.Тәжібаевтың «Мәншүк» монологымен (жетекшісі Қуандық Жанар Тұяққызы), 10-сынып оқушысы Кабдуллин Бауыржан «Саумалдан жасалған балмұздақтың шипасы» тақырыбында ғылыми жобалар бағыты бойынша (жетекшісі: Абдрахманова Айман Амантаевна) республика бойынша 500 оқушы қатысқан тартысты бәйгеде Бас жүлде иеленді. Алматыдан қоржындарына үш бірдей Бас жүлдені салып қайтқан шәкірттерімізді сыныптастары, ұстаздары поездан гүл шоқтарымен ерекше ілтипатпен қарсы алды. Шәкірттеріміздің биік тұғырдан көрінгені, ұстаз

еңбегінің зая кетпегені деп білемін. Ендеше, ұлағатты ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыс, бағындыратын биік белестеріңіз көп болсын дегім келеді.

Просмотров: 693


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст