«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақтың күйші сазгері Құрманғазы

13.03.2018

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикамыздың әр өңірінде ауқымды игілікті іс шаралар өтіп жатыр.Рухани жаңғыру дегеніміз бүгінгі күнге дейін ел ішінен,жадынан ұмытыла бастаған тарихи тұлғаларды танып,олардың жүріп өткен жолдарына көз жүгіртіп,өскелең ұрпаққа қайта таныстырып,көзі ашық, көкірегі ояу,жастарымызды тәрбиелеу біздің міндетіміз.Туған жеріміздің атақты күйші, сазгер, әрі домбырашы Құрманғазы Сағырбай ұлы туралы оның әділдігі мен озық ойлылығын көрсетіп.Күйшінің өнегелі өмірін үлгі етіп, Оқушылардың ұлттық рухани, адамгершілік қасиеттерін, қазақ халқының ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілік,қызығушылық сезімдерін оятып. Өз елінің патриоты болып, Отанды сүйіуге тәрбиелеу.Күй – мазмұны терең, ойлы, сырлы, әуендік бітімі күрделі, музыкалық фирманы кемел, аспаптық пеьса. «Күй»сөзі түркі халықтарының біразында этно музыкалық термин ретінде пайдаланылады. Мағынасы «хал, жағдай, көңіл ауаны» сияқты психо – эмоциялық ұғымды білдіреді. Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтық аспаптық күй өнерінің классигіне биыл 200-жыл. №9 мектеп – гимназиясы кітапханасында 4 «ә» сыныбы сынып жетекшісі Мұхамеджанова Сәуле Дулатқызы, 4 «б» сыныбы сынып жетекшісі Уалиева Гүлнар Мейрамбек қызының қатысуымен жүргізілді.Оқушыларға слайд көрсетіліп күйшінің өмірбаяны шығармашылығы мен  таныстырылып, «Балбырауын», «Сарыарқа», «Кішкентай» күйлері тыңдалды.Балаларға күй туралы сұрақтар қойылды,сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.Оқушылар күйден өздерінің зор әсер алғандықтарын білдірді. Күйшінің күйлері нақты болған оқиғаларға байланысты шығарылған, әрқайсысының тарихи негізі бар туындылар. Сазгердің аса құнды күйлерінің бірі «Сарыарқа» мұнда еркіндік іздеген халықтың арманы, туған жер, кең байтақ дала суреттеледі.Оның шығармаларында би күйлері бар. Бұл «Балбырауын», Қызыл қайың», олар шат көңілді елестеді. «Сарыарқа» күйінде туған жер, кең байтақ дала суреттелсе, басқа күйлері туралы не айталамыз. Мысалы: «Кішкентай» аталған күй, неліктен солай аталған? Мына бір тамаша күйіңізді неліктен «Кішкентай» деп атадыңыз? Бұл « Кішкентай» деуге келмейтін, күйлеріңіздің ішіндегі шоқтығы биік дүние ғой,  - дегенде, Құрманғазы күрсініп отырып:

- Несін жасырайын, бұл күйді мен Исатай мен Махамбетке арнаған едім. Ал Исатай мен Махамбет кім, мен кім. Олар халқының қамын ойлаған биік шың, асқар тау, ал мен кішкентай ғана төбешік емеспін бе. Сондықтан да мен сияқты кішкентай ғана адамның Исатай, Махамбет сияқты алыптарға арнаған күйі болған соң оның атын «Кішкентай» қойдым – деп жауап  беріпті.                                                                                                         

Күй құдірет – күй ғұмыр. Күй – ұлтымыздың рухани бейнесі. Күй – қазақ халқының кешегісі мен бүгінгісі, болашағы...

Просмотров: 656


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст