«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ    № 9  МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үміт артқан ұстаз

13.03.2018

   Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық  

иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы құрметпен  бас  иеді.
Биылғы жылы ауданымызда жас педагогтар арасында «Педагогикалық үміт» байқауы өткізіліп, байқау жеңімпазы анықталды. Байқауға ауданымыздан 9  ұстаз қатысып өз шеберліктерін ортаға салды. Соның ішінде №9 мектеп-гимназиясының химия пәні ұстазы Оразақын Жұмабек «жүзден жүйрік» атанды. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде еңбегін шыңдап сүрінбей өттіп «Педагогикалық үміт» құрметіне ие болды. "Жас келсе – іске" дегендей, аз ғана уақытта жас маман аталмыш мектептің тәжірибелі ұстаздарынан мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын жан-жақты түсініп, үйреніп, оған өз талпынысын  қосып, ұжым ортасында беделді бола білді. Ұстазымызға еңбек жолында шыңдалып, бір талай биіктерден

көріне беруіне тілектеспіз.




Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст