«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03.2018

«Шәкіртсіз ұстаз-тұл» деген халық даналығында айтылғандай, әрбір жас ұрпаққа білім беріп жүрген ұстаздың еңбегі өзінің білімімен, ізденімпаздығымен,дарынымен, еңбекқорлығымен көрінсе, сол бойындағы қасиетін дамытуға өз үлесін қосатын ол- шәкірті. Ұстаздық жолын таңдаған әрбір жан өз шәкіртінің өзінен оза шабуын, әлдеқайда биіктерден көрінуін тілейді.  

Мектебімізде гимназия сынып оқушылары арасында  шығармашылықпен айналысатын,  жан-жақты, озық ойлы, бәсекеге қабілетті, үш тілді еркін меңгерген оқушыларды анықтау мақсатында «Үздік гимназия шәкірті» байқауы болып өтті. Бұл байқау мектепішілік гимназия сынып оқушылары арасында мектептің оқу-тәрбие жоспары негізінде жасалды. Байқауға  3 «Ә» сыныбынан Мерғазез Аружан, 5 «Ә» сыныбынан  Кабдуллин Мадияр, 6 «Ә» сыныбынан Төлегенова Алинур 7 «Ә» сыныбынан Балтабекова Фарида, 8 «Ә» сыныбынан Хасенова Айнұр, 9 «Ә» сыныбынан Қазбекқызы Жансая қатысып бақтарын сынады. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, жетістіктерін қорғады. Екінші кезең «Сен

білесің бе?» тақырыбында пәндер бойынша сұрақтарға жауап берді. Сайыстың үшінші кезеңінде «Полиглот» тіл өнер сайысында үш тілде білімдері сыналды. Ал, төртінші кезеңде «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыбында шағын жоба қорғады. Қатысушылар әр кезеңде өздерінің білімдерін, өнерлерін ортаға салды. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" дегендей, төрт кезеңнен де суырылып алға шығып, көрерменді тәнті еткен, орта буын бойынша 5 «Ә» сынып оқушысы Кабдуллин Мадияр Бас жүлде және байқаудың ең жас қатысушысы өзінің жас ерекшелігіне қарамастан 3 «Ә» сынып оқушысы Мерғазез Аружан бастауыш сынып

бойынша Бас жүлде иеленді. Қалған қатысушылар 1,2,3 орындарды иеленді. Байқау өте тартысты және әсерлі өтті. Мектеп директоры Кушекова Бибігүл Қуанышқызы жеңімпаздарды дипломдармен марапаттап,бағалы сыйлықтарды табыс етті. Мектебіміз бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда жүйелі, әрі нәтижелі істер атқарып жатқаны қуантады. Әр шәкірт жеңімпаз болуға лайықты. Өмір бәйгесінде оза шабатын озық ойлы, білімді, білікті шәкірттеріміз көбейе берсін.

 

 

Просмотров: 1239


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст