Еліміздің үздік мұғалімдерінің виртуалды білім беру эстафетасы Эстафета - бұл қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен әдістерді, білім беру саласында кеңестер бере отырып, еліміздің үздік мұғалімдерінің озық инновациялық идеяларын қолданудағы ең үздік авторлық тәжірибені ұсыну және тарату түрі. Осындай эстафетаны - «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Ақмола облыстық білім басқармасы ұйымдастыруда. Осы республикалық білім беру эстафетасына Бурабай ауданы Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалмағанбетова Гүлайым Тастанқызының тәжірибесі таратылды. Бұл республикалық эстафетаның мақсаты да сол - ең озық заманауи педагогикалық тәжірибені қорытып және тарату, ең жақсы авторлық тәжірибені көрсету, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін және аймақтардағы мұғалім кәсібінің мәртебесін арттыру болып саналады.