«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №9 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 FACEBOOK иконки. Скачать бесплатно иконки FACEBOOK

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгінгі таңдағы заманауи оқулық құндылықтары

22.12.2020
Бүгінгі таңдағы заманауи оқулық құндылықтары
 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Сулейман Демирель атындағы университет 2020 жылғы желтоқсанның 21 күні «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өткізді. Конференцияның төмендегідей негізгі бағыттарды қамтыды: оқулық мәтінінің мазмұны мен этномәдени сипаты;оқулық мәтінінің танымдық және тәрбиелік мәні;оқулық әзірлеудегі психолингвистикалық және психодидактикалық талаптар;электрондық оқу басылымдары және білім берудің аксиологиялық қызметі; оқулықтың мәтіннен тыс аппаратының рөлі және оған қойылатын талаптар.
Конференция мақсаты: Заманауи оқулықтардағы білім беру құндылықтарына, оқу әдебиеттерінің тіліне,  мәтіндік және мәтіннен тыс аппаратына қойылатын талаптар бойынша өзекті мәселелерді талқылау болып табылды. Конференцияның мақсатты аудиториясы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының, жоғары, техникалық және кәсіби,  орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру ұйымдарының  қызметкерлері; білім беру ресурстарын әзірлеуші баспа өкілдері; ғылыми ұйым өкілдері; оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшылары. Конференция оn-line форматында қазақ, орыс тілдерінде өтті.
Конференцияға №9 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Сердалин Сайран Дәуренұлы қатысып өз тәжірибесімен нәтижелі бөлісті. Конференция барысында мұғалімдер география оқулықтарын саралай келе, оқушыларға тигізер әсері мен танымдық ситаппағы ерекшеліктері талқыланды. Секция барысында Сайран Дәуренұлының жұмысы жоғары деңгейде бағаланды. Әріптесімізді  конференцияға нәтижелі қатысуымен шын жүректен құттықтаймыз.
 
 
Б.Бекетай
                              №9 мектеп-гимназия директордың бейінді
 оқыту ісі жөніндегі орынбасары
Просмотров: 583


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст