Текст
21.02.2025
Аудандық "Буллингке жол жоқ"онкүндігіне орай мектеп оқушыларына "Буллинг,кибербуллнг"тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.Оқушыларға тақырыпты толықтай меңгертіп ,оларға буллингтен бойларын аулақ ұстауға кеңес берілді.Оқушыларға әлеуметтік және психологиялық тараптан қолдау көрсетілді
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈
19.02.2025
"КІТАП QUEST" сайысының жеңімпаздары анықталды!
17.01-18.02 аралығында мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы аясында "КІТАП QUEST" сайысы өтті. Сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатысып, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай "Жас Қаныш" кітабын оқыды.
📖 Мақсатымыз – оқушылардың кітап оқуға деген...
04.02.2025
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 1-30 наурызы аралығында ресми интернет-ресурста 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жариялы талқылау өткізілетінін хабарлайды. «Ақмола облысының білім басқармасы»
04.02.2025
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері
📌 Документті көру үшін, мына жерді басыңыз 👈
16.01.2025
Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)
https://egov.kz/cms/ru/news/diplom
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈
22.12.2024
Ақмола облысының білім басқармасы мен "Global САПА" білім беру орталығының ынтымақтастығы туралы меморандум аясында 9 Мектеп-гимназиясының директоры Кушекова Бибігүл Қуанышқызы ағымдагы жылдың, 29 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Миссури штатынын Сент- Луис қаласында өткен «АҚШ-тагы инклюзивті білім беру: тарих, философия және үздік тәжірибелер» халықаралық, семинарына қатысты. Бибігүл Қуанышқызы АҚШ-тагы инклюзивті білім берудін негізгі принциптері мен тәсілдерімен танысты, инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыратын бірнеше білім беру мекемелеріне барды. Бибігүл Қуанышқызы ЕББҚ, бар балалар үшін қажетті жадайларды жасаудың бірнеше маңызды аспектілерін атап өтті - топтык, жумыс, Ата-аналармен өзара әрекеттесу, баланын кушті жактарына баса назар аудару; қолжетімді білім беру ортасын құруға ықпал ететін тәсілдер мен әдістермен белісті. Жалпы, кездесу, тәжірибе алмасуға жене ЕББҚ, бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің, өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған.
22.12.2024
Желтоқсан айының 19 -күні Ақмола облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс мұғалімдеріне арналған мерекелік кеш өтті. Осы шарада 2024 жылдың ,,Үздік педагогы ,, атағына мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бекетай Баян Ахатайқызы ие болды. Мектебімізде абыройлы, беделді, осыған дейін республикалық сайыстардың жеңімпазы атанған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Мектебіміз биыл тағы бір Үздік педагогпен толықты. Әр жылда үздік педагог қатары көбиюде. Осындай жеңісті күндеріміз көп болсын!
19.12.2024
2024 жылдың 15 желтоқсанында Алматы қаласында республикалық ментальды арифметика олимпиадасы өтті." BilimdiBala" оқу-дамыту орталығы Щучинск қаласынан қатысушыларды ұсынады. Олимпиядаға 9 мектеп-гимназиясының 2"Б" сынып оқушысы Еслямбеков Даниял қатысып 1-орынға ие болды. Талғатова Амина 3-орынға ие болды.Ахматова Аиша 2 "Ә" сынып оқушысы 2-орынға ие болды Сейтімхан Әділхан 4"А" сынып оқушысы 2-орынға ие болды. Олардың өнерлері дипломмен,кубокпен және медальмен марапатталды.Мерекелік күндерге орай балалар біздің өңірімізді лайықты таныстырды. Сонымен қатар ,балалар Алматы қаласының көрікті жерлерін аралап,жеңістерімен бірге Щучинск қаласына оралды.
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈
09.12.2024
Оқушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау, психологиялық денсаулығын сақтау, қарым қатынасты күшйету мақсатында мектебімізде, Психологиялық апталық ; "Жақсы көңіл -күй сыйлау "тақырыбында 1- күні өтті
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈
06.12.2024
Сынып жетекшілерімен өткізілген жиналыс. Ұжымда бірігіп жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері.
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈