Текст
06.12.2024
Мектеп белсенділерімен кездесуде алға қойған мақсаттар айқындалып жоспарлар талқыланды. Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Арман Кәрібайұлы Досмагамбетов.
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈
05.12.2024
5-ші желтоқсан Дүние жүзілік еріктілер күніне орай 9 мектеп гимназиясының еріктілер тобы мектеп маңайының тазалығына өз үлестерін қосты. 9 мектеп гимназиясының тәлімгері Диас Қанатұлы.
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈
12.06.2024
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈 KZ
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈 RU
26.04.2024
Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 4-тармағын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері туралы ұсынылған мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының 2024 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы бекітілді. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі №17-11-01-08/291 бұйрығының негізінде «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің берілетін білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес болуына байланысты аттестатталды.
18.04.2024
Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталды, ол 2024 жылдың 31 тамызына дейін (қоса алғанда) жалғасады. Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Қызметті алудың толық нұсқаулығын видеодан көре аласыздар.
1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау сілтеме
📌 Видеоны көру үшін, мына жерді басыңыз 👈
16.04.2024
Ақындық өнер - сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтик, дәстүр мен ақын шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі. Марфуға Бектемірованың жары, ақын, қаламгер, «Есіл» қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Есенгелді Сүйінов жақында №9 мектеп –гимназиясының құрметті қонағы болды, сонымен бірге«Қызғалдақ ғұмыр» кітабінің тұсау кесер рәсімі өткізілді. Марфуға Бектемірованың өмірі мен шығармашылығы туралы көпшілікпен сұхпатта болды. Ақынның құрметіне берілген бұрынғы Емельяна Пугачёва 78 көшесі , қазір Марфуға Бектемірованың атына берілгенін, мақтанышпен тілге тиек етіп мектеп директоры Бибігүл Қуанышқызына ,мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдірді. Ақынның құрметіне арналған шығармашылық кеш ұймдастырылды.
16.04.2024
13-14 сәуір аралығында Аршалы ауданында 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс екі бағдарлама бойынша өтті: ММА және ШОК. Щучинск қаласынның #9 мектеп гимназиясының оқушысы Еркінбек Нұртөре Айдынұлы 3 орын алды. ММА бағдарламасынан Жаттықтырушы Сергей Александрович Дороговтың жетекшілігімен жаттығады. Құттықтаймыз
16.04.2024
08.04.2024 ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласы #9 мектеп-гимназиясы” КММ де педагог лауазымына тағайындау өткізілді. Бос лауазымның атауы : химия пәні мұғалімі. Комиссия отырысының шешімі бойынша химия пәні мұғалімі Кабакова Бахытгүл Арғымбаевна қабылданды.
16.04.2024
Ғарышкерлер күніне арналған “Ғарыш көрген үш қазақ” атты кітап көрмесі.
15.04.2024
ОЙЕЛДЕРДІН КУКЫКТАРЫ МЕН БАЛАЛАРДЫН КАУІПСІЗДІГІН КАМТАМАСЫЗ ЕТУ МОСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫКТЫРУЛАР