Текст
    
                                
            
        20.05.2021
        19.05.2021 жылы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысы онлайн Zoom форматында жүздесу болды. Қарастырылған сұрақтар: 1. Қол жұмсаудың алдын алу 2. Жүктілікке жол бермеу 3. Жолда жүру ережесі 4. Ескі ғимаратар мен құрылыс алаңдарына бармау 5. Әлеуметтік желілер және қауіпсіздік 6. Электр көздерінен және өрттен сақтану 7. Жазда табиғаттағы қауіпсіздік техникасы 8. Жазғы демалыс кезінде судағы қауіпсіздік ережесі.  Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Тағы сұрақтарыңыз болса 4-50-72 / 2-29-29
        
        
    
        19.05.2021
        
        
        
    
        19.05.2021
        Мектепке қабылдау жалғасуда. Бүгінгі күні бірінші сыныпқа оқушылардың болжамды контингентінің 30 % -ы мектепке қабылданды .  • Бүгінде ата - аналарға үйден шықпай - ақ бір демде баласына мектепті таңдап , анықтауға мүмкіндік берілді . Өңір « қызыл аймақта » болған жағдайда балалардың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды эпидемиологиялық жағдай жақсарған уақытқа ұсынады және ата - ана карантиндік шаралар алынғаннан кейін медициналық анықтаманы мектепке ұсынады .  • Сондай - ақ , ата - аналардың назарына жалпы білім беретін мектепке алты жастан бастап , күнтізбелік жылы 6 - ға толатын балалар дайындық деңгейіне қарамастан қабылданатынын жеткіземіз .  • Жазғы кезеңде мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балалар үшін қысқа мерзімді мектепалды даярлық қарастырылатын болады .
        
        
    
        17.05.2021
        Қалмағанбетовтер отбасы "Отбасым менің бақытым"
        
        
    
        17.05.2021
        10"а"-сыныпоқушысы Кайыпов Нұрболат «Бақытты отбасы»
        
        
    
        17.05.2021
        Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, бекемдеп отырған.  Барлық құқықтар қорғалған. Отбасы күні құтты болсын!
        
        
    
        14.05.2021
        Салауатты өмір салты айлығының аясында өткен «Санпост—2021» аудандық байқауына белсенді қатысқаны үшін №9мектеп-гимназиясы МАРАПАТТАЛДЫ
        
        
    
        14.05.2021
        Салауатты өмір салты айлығының аясында «Знай—Біл»  атты үздік буклеттердің аудандық байқауында 1 орын алғаны үшін №9 мектеп-гимназиясы МАРАПАТТАЛДЫ
        
        
    
        14.05.2021
        Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды.
        
        
    
        14.05.2021
        ЧЧернобыль атом электр станциясындағы қайғылы оқиғаның 35 жылдығына арналған «Чернобыль - жанымның азабы» аймақтық байқауына 3"А"-сынып оқушысы Серік Ерсайын қатысып «Гран-ПРИ» ға ие болды құттықтаймыз!ернобыль атом электр станциясындағы қайғылы оқиғаның 35 жылдығына арналған «Чернобыль - жанымның азабы» аймақтық байқауына 3"А"-сынып оқушысы Серік Ерсайын қатысып «Гран-ПРИ» ға ие болды құттықтаймыз!