Текст
    
                                
            
        04.05.2021
        Грант утып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады   Мемлекеттік білім грантын утып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық біріңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше куннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады. Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады. . Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады. * Қатысушылар тапсырмаларды кез-келген пәннен бастай алады. Сондай-ақ тестілеy аяқталғанға дейін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жаyаптарды түзетуге болады. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестелері қолжетімді болады. . Сонымен бірге тестілеудің 60 минутынан кейін оқушыларға көзге арналған және дене жаттығуларын орындау үшін екі минуттық үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минуттық үзіліс беріледі. ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады. . ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ апелляцияға өтініш бере алады.
        
        
    
        04.05.2021
        13наурыз күні «Шежіре» өтті. Оқушылар өз шежіресі жайлы айтып шежіре жөнінде толық ақпарат алды.
        
        
    
        04.05.2021
        ҚР тәуелсіздігінің 30жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында— биік мақсаттарға» жобасы аясында өткізіліп отырған «Этно— fashıon» ұлттық сән көрмесіне мектебіміздің сұлу да сымбатты  мұғалімдері Арынова Гульжан Жангалиевна, Батқолла Ұлжан Әскерқызы, Утегенова Диана Саматовна қатысып дипломмен марапатталды. Жарайсыздар шын жүректен құтықтаймыз!
        
        
    
        16.03.2021
        2020-2021 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдаужұмыстарын жүргізу жайлы жоспары
        
        
    
        16.03.2021
        1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1-сәуірден басталады асығыңыздар!
        
        
    
        09.03.2021
        Құрметті оқырмандар №9мектеп-гимназиясы 2021жылдың 1 сәуірінен, 1тамызына  дейін 1-ші сыныптарды қабылдайды асығыңыздар!
        
        
    
        04.03.2021
        Құрметті ата-аналар!   Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар.  Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады.  Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын.   Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім.  Құрметпен, мектеп әкімшілігі.         ..
        
        
    
        01.03.2021
        1 наурыз –Алғыс айту күні   Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондықтан бұл күнді тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау мен рухани дәстүрлер күні деп түсіну қажет. Алғыс айту күні құтты болсын!
        
        
    
        26.02.2021
        Өрт қауіпсіздігі жөнінде 1-11сынып оқушыларының арасында  ZOOM арқылы онлайн түсіндірілім болып өтті. Түсіндірілімді жүргізген Әлмеш Бекмұрат Әділханұлы.
        
        
    
        25.02.2021
        Smart 9 "Бурабай туристеріне тағам ұсыну" 4"Б" сынып оқушылары Сайлаубаева Камшат Жандарбекова Еркежан