Текст
    
                                
            
        09.05.2021
        9-мамыр жеңіс күні құтты болсын!
        
        
    
        09.05.2021
        Мейрамдарың құтты болсын жігіттер. Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер. Мейрамдарыңмен аға,іні бауырлар. Орындалсын алға қойған үміттер.
        
        
    
        05.05.2021
        «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша (қазақ тілінде оқитын сыныптар бойынша)3 орын - Амангельдинов Мерей, № 9 мектеп-гимназиясы, 11 – сынып оқушысы Жетекшісі: Қуандық Жанар Тұяққызы
        
        
    
        05.05.2021
        «Абайдың қара сөздері»  номинациясы бойынша (қазақ тілінде оқитын сыныптар бойынша)  2-орынға ие болған Рашит Альмира, Щучинск қ. №9МГ 8-сынып оқушы  Жетекшісі: Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна
        
        
    
        05.05.2021
        «Мен— өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» номинациясы бойынша (қазақ тілінде оқитын сыныптар бойынша) 2-орын Рашит Айерке, Щучинск қ, №9МГ 8-сынып оқушысы  Жетекшісі: Нургужина Гульжайна Жаксыбаевна жеңіс құтты болсын!
        
        
    
        05.05.2021
        «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша (қазақ тілінде оқитын сыныптар бойынша) 1 орын - Рашит Султана, Щучинск қ. № 9 МГ, 9 – сынып оқушысы Жетекшісі: Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна жарайсың жеңіс құтты болсын!
        
        
    
        04.05.2021
        Мектептерде оқу жылының аяқталу мерзімі бекітілді  Мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады . Мұғалімдердің демалыс ұзақтығы еш өзгеріссіз қалды . Педагогтер бұрынғыдай жазда 56 күн демалады . Оқушылар ата - аналарының өтініштері бойынша 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алады . Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді . Тиісті бұйрыққа қол қойылып , педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарына жіберілді . - « Барлық мектепте оқу жылы 25 мамырда аяқталады . Сонымен бірге 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейді . Балалар өз қалауы бойынша , ата - аналарының өтінішімен 19 маусымға дейін сабақтарға қатыса алады . Мұғалімдердің еңбек демалысына қатысты еш өзгеріс болмайды . Педагогтер әдеттегідей жазда 56 күн демалады . Барлық жұмыс заң аясында , құқықтық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады . Біз келесі жылы да пандемияның салдарын ескеруіміз керек . Ы . Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тиісті жұмыс атқаруы қажет » , - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов .
        
        
    
        04.05.2021
        «Махамбет оқулары» атты аудандық сайыстының «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас дарындар конкурсы (қазақ тілінде оқитын сыныптар бойынша) 1 орын – Кабдуллин Мадияр, Щучинск қ. № 9 МГ, 8 – сынып оқушысы жетекшісі:  Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна құтты болсын!
        
        
    
        04.05.2021
        Aқмолалық оқушылар «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикальқ форумының жүлдегерлері атанды. 7-10 сыныптарда оқитын 10 оқушы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумында Ақмола облысының намысын қорғады. Байқау болашақ мамандықты табысты таңдау үшін, еңбек нарығында, Қазақстанның болашақ экономикасында талап етілетін және қажетті болашақ мамандықты зерделеуге шығармашылық тәсілді жандандыруға, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық-маңызды кәсіптік бағдар беру қызметіне тартуға ықпал етеді. Балалар бірнеше номинация бойынша жарысты: «Мен мамандықтар әлеміндемін» номинациясы бойынша Бурабай ауданы, Щучинск қ. №9 MГ оқушысы Батырбекова Шырын «Жақсы мамандық - өмірдің жарқын бастауы» жұмысымен 2 орынды иеленді. Жетекшісі: Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна Жарайсың Шырын жеңісің құтты болсын!
        
        
    
        04.05.2021
        Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді. Ұбтға өтінішті һttp://app.testcenter.kz/ cайты арқылы беруге болады. ҰБТ электрондық форматта "бір тестіленуші — бір компьютер — бір камера" қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералардан басқа, тестіленуші отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылады. Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі және ҰБT-да бөгде адамдарды болдырмау цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады. Ережелердің сақталуын арнайы компьютерлік бағдарлама бақылайды, Ол тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды. Егер ҰБТ тапсыру кезінде талапкердің смартфон, шпаргалка және т.б. тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тестіленушінің нәтижелері жойылады. Тестілеу процесін қосымша ахуалдық орталық бақылайды. Сондай-ақ ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ҰБТ -ны өткізу рәcсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері шақырылатын болады.