Текст
    
                                
            
        25.02.2021
        Smart 2 "Солақай жазатын балаларға арналған жаңаша тұтқыр қалам" 5 "Ә" сынып оқушысы Дәуренбек Әділ
        
        
    
        25.02.2021
        Smart 10 Смарт танымдық мейрамхана 7 "А" сынып оқушысы Құндақбаева Нұрсая
        
        
    
        24.02.2021
        Smart 1 "3д картина жасау" 5"А"-сынып оқушылары Айтжанова Асель Бабакова Саяна
        
        
    
        24.02.2021
        Smart 4 3"А"-сынып оқушысы Төленді Халид "Әмбебап қағаз қорап"
        
        
    
        24.02.2021
        Smart 3 2"Ә"-сынып оқушысы Мухамедрақым Мирас "Кәделі иіс сабын жасау"
        
        
    
        24.02.2021
        «Заманға лайық тұлға бол» атты smart сыныптар арасындағы Start up жобалар онкүндігі ұймдастырылды.               15.02.2021-25.02.2021 күндері аралығында smart сыныптар арасында Start up жобалар онкүндігі ұйымдастырылады. "Startup" – ауқымды бизнес-идеяны іздеуге және жүзеге асыруға бағытталған уақытша құрылым. Тез дамып, көп пайда табуды мақсат тұтқан жаңа қаржылық жоба»  Әр Smart cеріктестік бір Start up жоба ұсынады. Жобаны қорғау уақыт 7 минут. Жоба құрылымы төмендегідей:  1.     Жоба атауы 2.     Жоба маңыздылығы, тиімділігі, ерекшелігі. 3.     Жобаны қолдану аясы (Қай сферада қолданады?) 4.     Жобаның қаржыландыру көздері 5.     Жобаны жүзеге асыру жолдары 6.     Жобаны жүзеге асыру мерзімдері 7.     Күтілетін нәтиже  Әр оқушы мектеп табалдырығынан бастап, өз идеяларын ортаға салып үйрену керек.Тәжірибелі стартаперлердің бизнес-идеяны жүзеге асыру, қаржы көзін қарастыруға қатысты берер кеңесі бар. Жаңашылдық идеясы жобаның басынан-ақ көрінуі керек. Оның бұрын-соңды қолданылмаған тың дүние екені бірден қызықтыру керек. Сонымен қатар жаңаша ойлаудан да қорықпауға шақырады. Кез келген идеяға кәсіпкерлік көзбен қарап үйреніп, оның табыстылығын болжау керек. Жобаның бірегейлігіне деген сенім оның табыстылығына кепіл. Идея болса, оның жүзеге асырудың жолдары да табылады. Жобаны қорғау онлайн немесе оффлайн фоматында таныстыруға болады.
        
        
    
        23.02.2021
        Бүнгі таңда Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәскеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі таңда жас ұрпаққа берілетін білімнің сапасын, білім алушылардың дарындылығын  арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Солардың ішінде қасиетті тілімізден әдебиетіміздің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілетін олимпияданың алар орны айрықша. Осы орайда 2021 жылы ақпан айының 18-19 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және танымдық деңгейлерін анықтау мақсатында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңі өткізілді. Әйгілі педагог, ұстаздардың ұстазы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қ.Бітібаева атындағы олимпиядаға 16 ауданнан және Нұр-султан, Көкшетау қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпияда 2 кезеңде өткізілді. 1 кезең - жазбаша (Эссе); 2кезең-тест тапсырмалары. бұл олимпияда Бурабай ауданынан 3 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Бурабай ауданынан 1-ші дәрежелі дипломмен Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясы 9 сынып оқушысы Батырбекова Шырын (жетекшісі  Сапарбекова Балдықыз Мусакуловна ) марапатталды. Шын жүректен құтықтаймыз!!
        
        
    
        19.02.2021
        Көпшілік алдында талқылау үшін  2020 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында  «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясы» қызметі туралы есебі
        
        
    
        17.02.2021
        Кеше 16.02.2020 оқу жылында 11_ә сынып оқушыларымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті. Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды.
        
        
    
        15.02.2021
        №9мектеп-гимназиясының мұғалімдерінің арасында «Алтын жүрек» челленджi өттi, оның мақсаты жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершiлiк, әлеуметтiк және жеке қасиеттерiн қалыптастыру және дамыту болды.Өзін -өзі тану пәнінің "Шығармашылық пен сүйіспеншілік тақырыбындағы он күндік декадасына өз әріптестеріне мейірімді сөздермен лебіздерін білдірген ұжым "Алтын жүрек"челенджін бір біріне жылу жүрекпен ұсына біліп ,атсалысты.Челлендж аясында көптеген жылы сөздер айтылды. Бейнероликтерде мұғалімдер адам мейiрiмдiлiгi олар үшiн ненi бiлдiретiнi туралы өз пiкiрлерiмен бөлiстi, олардың өздерi адамдарға мейiрiмдiлiктi, қамқорлық пен мейiрiмдiлiктi қалай көрсететiнi туралы айтты.